Жарнама
Қоғам

ИННОВАЦИЯ ИІРІМДЕРІ

Бүгінгі күні қоғамымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған жаңа ұлы мақсаттарға батыл қадам басты. Қазақстан мерейінің XXI ғасырдың ортасындағы тарихи асқақтауы қысқа да нұсқа түрде нақты көрініс тапқан. Стратегияның өзегі – біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мемлекет басшысы бұл бағдарламасында біздің алға қойған мақсаттарымыздың биік екенін айқындап берді. «Халқымыз қазір қол жеткізген осындай экономикалық және әлеуметтік биіктерге өткен тарихында ешқашан жеткен жоқ. Бұны тек қазақстандықтардың бүгінгі буыны ғана жүзеге асыра алды. Тәуелсіздікті жариялап, Қазақстанымызды дамытып, даму перифериясынан біржола алыстап, Еуразиядағы лайықты жаңа мемлекетке айналдық. Енді бүкіл әлемдік қоғамдастықпен әрдайым бір иықтаса жүруге тиіспіз» дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда еліміздің экономикалық дамуында «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық телекоммуникациялар дирекциясы инновациялық өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын көрсетіп келе жатқанын айтпай кетуге болмайды.
Біздің мекеме телекоммуникациялар саласы бойынша елімізді 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары, 2010-2014 жылдарға дейін қарқынды индустриялық-инновациялық дамыту, Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту, «Ақпараттық Қазақстан-2020» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатынасуда.
Президенттің тапсырмаларын орындау ауқымындағы байланыс саласындағы маңызды істердің бірі Қазақстан халқын интернет желісіне кең ауқымды жолмен қатынау қызметімен қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы да жаңа инновациялық жобаларды енгізуде. Үстіміздегі жылдың бірінші қарашасындағы жағдай бойынша алғанда интернет желісіне кең ауқымды жолмен қатынау қызметін пайдаланушылардың саны облыста 63 мың адамды құрайды, оның ішінде интерактивтік iD TV теледидарын пайдаланушылардың саны 13 мың, телефонияның жаңа iD Phone түрінің тұтынушылар қоры төрт мыңға жетіп отыр.
Облыста телекоммуникация саласындағы жаңаша іс – Атырау қаласында абоненттік қатынаудың оптикалық желісінің құрылысын жүргізу жұмыстары жалғасуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні iD Net брендімен интернет желісіне кең ауқымды жолмен қатынау қызметін пайдаланушы абонент саны 12 мыңнан асты. Бұл жұмыстар 2015 жылға дейін облыстық орталықтың барлық көппәтерлік секторларына жететін болады деп жоспарлануда.
Телекоммуникация саласындағы тұрақты дамуда басқа да жасалып жатқан жұмыстар аз емес. «Қазақтелеком» АҚ мен «Қазақстанның байланыс қызметкерлерінің кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен арада жасақталған ұжымдық шарт негізінде жұмыс жасайды. Қызметкерлерді қолдау мақсатында оларға пайызсыз несие беріледі. Сондай-ақ, қызметкерлер мен олардың балаларының жазғы демалысы мен сауықтыру ісін ұйымдастыру кәсіпорынның әлеуметтік саясатты жүзеге асыру бағытындағы шараларының ауқымында жүзеге асырылады. Ұжымымыз зейнеткерлерді де назардан тыс қалдырған емес.
Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді жүйесін қалыптастыру және қоғамның даму мүддесіне орай жастардың инновациялық әлеуетін пайдалану мақсатында «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» атты бағытында жұмыстарды жүргізуде. Бұл ретте бізде «Жастелеком» атты өңірлік жастар топтары құрылды, олар ұжымда өтетін шараларға белсене қатынасуда.
«Қазақтелеком» АҚ-ында қызметкерлерді, бәрінен бұрын жас қызметкерлерді жүйелі және үздіксіз түрде оқыту мен біліктілікті арттыру ісі де қамтамасыз етілуде. Атырау ОТД-сында біліктілікті арттырудың өңірлік орталығы жұмыс жасайды. Жұмысқа жаңадан алынған әрбір қызметкер де оқу орталығындағы оқу жүйесінен өтеді, техникалық және коммерциялық блоктардың тәлімгерлері олармен тұрақты жұмыс жасайды.
Компания үшін қажетті кадрлар компания бөлетін білімдік квоталардың көмегімен отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындалады. Осылайша, қызметкерлеріміз әлеуметтік-экономикалық даму бағытында күн сайын күрделі және күрмеулі мәселелерді шешуде жұмыстанып келеді, тұтынушыларға нақты қызметтерді ұсынады. Телекоммуникациялар қызметтерін жүзеге асырудан түскен табыстар облыс экономикасының өсуіне, басқа да көрсеткіштерге игілікті әсерін тигізіп отырғанын жоққа шығаруға болмайды.
Қазақстан халқына және өз еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отырған Елбасының ұстанған бағытын бәріміз кеңінен қолдаған кезде ғана қазақстандықтардың дәулетті тұрмысқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін боламыз.

Ерсайын ДҮЙСЕМӘЛИЕВ,
облыстық телекоммуникация
дирекциясының Бас директоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button