Жарнама
Қоғам

Инклюзивті білім беруде өзекті мәселелер көп

Былтыр елімізде инклюзивті білім беруді қажет ететін балалардың саны 230-дан асты. Бұл дегеніміз саланың жұмыс бағытын арттыра түсу қажеттігін де көрсетеді. Сондықтан кәсіби қызметкерлердің алыс, жақын шет елдердегі мамандармен ұдайы тәжірибе алмасып отыруы маңызды. Осы мәселе Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Инклюзивті білім беру және қоғам: әдіснама, зерттеу, тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында жан-жақты айтылды.

Іс-шараның мақсаты қоғамды ізгілендірудің құрамдас бөлігі ретінде инклюзивті білім беруді дамыту, теориялық және әдістемелік негіздерін талқылау, сондай-ақ арнайы, жалпы және кәсіптік білім беруде қазақстандық және шетелдік тәжірибені талдау болды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов өзінің құттықтау сөзінде білім беру саясатының маңызды міндеттерінің бірі инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету екенін айтты.

– Өткен жылы Қазақстанда инклюзивті білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты. Осы статистикаға сүйене отырып, бүгін біздің конференцияда инклюзивті білім берудің көптеген өзекті мәселелерін талқылайтын боламыз, — деді С.Идрисов.

Конференцияда таяу және шет елдердің, отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші сарапшылары мен педагог-практиктері бас қосып, тиісті ғылыми зерттеулерін ұсынып, мектепке дейінгі білім беруден бастап жоғары білімге дейінгі практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар конференция қорытындысында көтерілген тақырыптың маңыздылығын және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ғылыми ынтымақтастыққа және осындай кездесулерді жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button