«Халық сенімінен артық баға жоқ»
«Әр іс орындалуымен құнды» деген қағиданы ұстанған «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2025 жылға дейінгі бағдарламасын орындау мақсатында Мақат ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама өрісті дамуға жол ашып, игі бастамаларға тың серпін беріп отыр.
Тәуелсіздік жылдарының ішінде мақаттықтардың саны артып, аудан халқының саны 30 мың 709 адамға жетті.
Ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 1999 жылы 2 миллиард 359 миллион теңге болса, 2021 жылдың 10 айында 69 миллиард 612 миллион теңгені құрады. Ауданға инвестиция тарту шаралары да қарқынды жүруде. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылы 711 миллион теңгені, 2021 жылы 80 миллиард 692 миллион теңгені құрады.
Кәсіпкерлік өрге сүйрейді
Қазына кірісінің көлемін ұлғайтуда кәсіпкерлік саласының алар орны ерекше. Бүгінде ауданда 1 417 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ға өсіп отыр.
Мемлекет саясатының бірі саналатын кәсіпкерлер санын арттыру бойынша да ауданда оң өзгерістер бар. Мұндай нәтижеге түрлі мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген қайтарымсыз грант пен несиенің септігі тигені анық.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2 жобаға 37,4 млн. теңге көлемінде субсидия берілді. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 4 кәсіпкер 13,6 млн. теңге қайтарымсыз грант алды.
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2373 адам еңбек етеді. Осы саланың өндірген өнімінің көлемі 6 млрд. 625 млн. теңгеге жетіп отыр.
Баға — бақылауда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары – күнделікті бақылауда. Оның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ауданның 8 ірі кәсіпкерімен меморандум жасақталған болатын. Әлеуметтік маңызы бар негізгі 19 түрлі азық-түлік өніміне күнделікті мониторинг жасалып, қазіргі таңда күнделікті бақылауға алынған.
Ауданның табиғаты ауыл шаруашылығына қолайсыз екені белгілі. Соған қарамастан мал басында өсім бар. Қазір 1926 мүйізді ірі қара мал, 4345 қой мен ешкі, 1690 жылқы, 617 түйе есепте. Бұл статистикадан мал шаруашылығында да өсім байқалатынын көруге болады.
Құрылыс жұмыстары қарқынды
Ауданда тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші 2001 жылы 9,3 шаршы метрді құраса, 2021 жылы 3 305 шаршы метрге артты.
Бүгінде Мақат кентінде 3 қатарлы 60 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүруде. Былтыр 715 183,0 млн. теңге көлеміндегі қаражат толықтай игерілген болатын. Ал, биыл 154 120,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар қолға алынды.
Мақат кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлі 2 тұрғын үйге сыртқы инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым (электр, газ, су, байланыс) желілері тартылуда. Доссор кентіндегі аллеяны жаңғыртуға 2018 жылы жоба жасақталып, 1,6 млн. теңге бөлініп, осы жылдың шілде айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Құрылысқа 60,0 млн. теңге бөлініп, 36,0 млн. теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарының қалған қаржысы келесі жылы қаралатындықтан, аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланып отыр.
Ауданды көгалдандыру бойынша биыл 945 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 2500 дана көпжылдық раушан гүлі, 21160 питуния (шырайгүл, бархотка) гүлдері егілді.
Аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 109,3 шақырым. Соның ішінде, қанағаттанарлық жағдайдағы жол көлемі 79,9 шақырымды (73.1 %) құрайды.
Бүгінде Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылында 14,9 шақырым кентішілік автокөлік және 3,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, Доссорда кентішілік 5,8 шақырым автокөлік және 3,4 шақырым жаяу жүргінші жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Доссор кентінен 24 шақырым кентішілік автокөлік жолдарын салу жобалары бойынша 22,4 шақырым асфальт төселді.
Жас мамандармен толықты
Бағдарламадағы өзекті мәселенің бірі – денсаулық сақтау саласы. Биыл ауданға 4 жас маман келді. Оларға жағдай жасалып, қызметтік пәтерлер берілді. Аудан бойынша скрининг байқаудың ересектер арасындағы орындалысы 80%-ға тең. Балалар арасындағы орындалысы 53%. Стационарларда ем алып жатқан науқастармен жақын қарым-қатынаста болатын қызметкерлерге қатысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, олар жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті қорымен қамтылды.
2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 206 планшет, 200 компьютер, 1025 ноутбук, барлығы 1431 техникалық құрал сатып алынған болатын. Жаңа оқу жылында 13 баспамен келісім-шарт жасақталып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 81,2 млн. теңге бөлінді.
«Кедергісіз аумақ»
2021-2022 оқу жылында мектептерге 26 жас маман жұмысқа қабылданды.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы жабдықталған оқитын орындар, оңалту, медициналық құрал-жадбықтар, т.б.) жасақталды. Оның ішінде 6 мектепте (Б.Қанатбаев, А.Құнанбаев, О.Сарғұнанов, С.Шарипов, Х.Санбаев, М.Баймұханов) стандартқа сай пандустар орнатылды.
Биылғы жарқын бастамалардың бірі – бұқаралық спортты дамытуда Мақат кентіндегі көп салалы спорт кешенінің құрылысы жүруде.
Ашықтық принципі қарқынды дамуда
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру 10 айда 72,8 %-ға тең болды. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында және партияның қоғамдық қабылдауларына қаңтар-қазан айларында 152 адам жүгініп, мәселелері оң шешілді. Сондай-ақ, биыл 7205 электронды сандық қолтаңба берілді.
P.s Мемлекет басшысы жаңа уақыт талаптарына сәйкес еліміздің экономикалық дамуына, өнеркәсіпті күшейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласына аса көңіл бөлуге, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес және әлеуметтік мәселелер секілді елдегі барлық саланың жұмыстарына қатысты міндеттерді бекітіп берген болатын. Осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жұмыстар атқарылуда. Ел Президенті атап өткендей, Қазақстан халқының ертеңін еңселі, болашағын баянды, келешегін кемел ету – біздер үшін зор абырой. Өйткені халық сенімінен артық баға жоқ.
Шәкір Кейкінұлы,
«Nur Otan» партиясы Мақат аудандық
филиалының төрағасы, аудан әкімі