Жарнама
Қоғам

FAKE: «Мен Өрлікте тұрам, су кіріп жатыр…»

Whatsapp желісінде – жалған ақпарат
9 сәуір күні түс кезінде Whatsapp желісі арқылы түрлі топтардан «Мен Өрлікте тұрам, су кіріп жатыр, эвакуация бастап жатыр» деген бағыттағы ақпараттар тарала бастады.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовқа хабарласып, бұған түсінік беруді сұрады. Анықталғанындай, бұл жалған ақпарат болып шықты.
«Қазгидромет» РМК берген мәлімет бойынша бүгін таңертеңгі сағат 08.00-де Индербор кентінде Жайық өзені суының деңгейі 33 сантиметрге көтерілген. Кенттегі гидробекетте жалпы су деңгейі 216 сантиметрді көрсетіп тұр.



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button