Жарнама
Қоғам

ЕСКЕН ЖЕЛДЕЙ ЕСАҒАМ

Есағамның басқа жазушылардан гөрі ерекшелеу  тағы бір қасиеті – оның сатиралық повестерінің, «Жаман Жәутік» атты қос томдық романдарының кейіпкерлері кітапта өз аттарымен аталатын. Әрине, көркем шығарма болғасын онда жағымсыз кейіпкерлер де кездеседі. Бір ғажабы, әлгі «жағымсыз» кейіпкерлердің бірде-біреуі Есағаңа «мен ондай емеспін» деп ренжімейтін еді, қайта шеберлігіне тәнті болып, өздерінің сол кітаптың кейіпкері болғандығын мақтан тұтатын. Өйткені, Есағам сол кездегі сатира тілімен тек шындықты жазған бола-тұғын. «Кейіпкерлердің» ренжімейтін тағы бір себебі, ол зілсіз әзілге шебер еді.

Оның әзіл-әжуаға толы пьесалары қазақ сахналарының репертуарларынан түпкілікті орын алды. «Қаламгерлікті қасиет тұтып, әр жанрда өз тұрпатын  танытқан  Есенжол (Есімғали ) аға өмірден өтті» деген хабар  көзін көрген, сөзін естіген, талантына тамсанған туған жұрты үшін  өте өксікті, өте ауыр оқиға болды. Оның ескен желдей ерекше мінезі мәңгі есте қалады енді…

Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ,  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының директоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button