Жарнама
Қоғам

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ӨШПЕЙДІ

Шараға Атырау қалалық әкімдігінің өкілдері мен Атырау политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері және майдангер жерлесіміздің ұрпақтары қатысты.

Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қайырғали Смағұлов сұрапыл соғысқа бастан аяқ қатысқан, Алтын жұлдыздан басқа көптеген наградалар мен медальдарға ие болған. Соғыстан кейін көп жылдар білім беру саласында абыройлы қызмет еткен. Оның есімі Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романында бас кейіпкер болып бейнеленген. Бүгінгі күні зұлматты жылдардың зобалаңына қарсы тұрып, жеңісті бір табан жақындатқан жерлесіміздің ерлігі мен ел алдындағы еңбектері жастарға өнеге болуы қажет. Бұл жөнінде Атырау политехникалық колледжінің директоры Бақыт Шеркешбаева сөйлеп, осы мақсатта оқу орнында бірқатар шаралар жүзеге асып жатқанын айтты. Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш, аталмыш колледждің еңбек ардагері Нұрсұлтан Дастанов батырдың көзі тірісінде онымен қызметтес болған кезеңдерін еске түсіріп, өткеннен сыр шертті.

Шара соңында қазақ солдатының ұлы Хамит Смағұлов та сөз алып, атыраулықтардың мұндай шараны қолға алып жатқанына жанұясы атынан алғыс білдірді.

Алтыншаш

 НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button