Бір ұтыс, бір ұтылыс

Ko1eqzD591N6zYEr5pb031kiSYz9kW Қоғам

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы кездесулерін сырт алаңда өткізген Атыраудың «Бейбарыс» клубы Өскеменде жергілікті «Алтай-Торпедо» командасымен кездесті.

Ko1eqzD591N6zYEr5pb031kiSYz9kW

Еліміздің үш дүркін чемпиондары «Бейбарыс» алғашқы күні қарсыластар қақпасына жауапсыз үш шайда соғып, жеңіске жеткен еді. Дегенмен, келесі күні Шығыс Қазақстан облысының құрамасына есе жіберіп, 1:0 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.  

Александр Истоминнің шәкірттері келесі ойындарын 15-16 қыркүйекте оңтүстік Астанада «Алматы» хоккейшілерімен өткізбекші. Сырт айдында барлығы 10 кездесу өткізетін «Бейбарыс» хоккейшілері Атыраудағы алғашқы ойынын 1 қазанда Астананың  «Номад» командасына қарсы ойнайды.

                                                                                          Бақытжан ЖҰМАТ.

                                                                            

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз