АРДАГЕРДІ ҚОЛДАУ – АЗАМАТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің аяқталғанына 70 жыл толу мерекесіне дайындық жұмыстары барған сайын кең қанат жайып, өріс алуда. Бұл тек қана соғыс және тыл ардагерлерінің қуанышы емес, бүкіл облыс тұрғындарының жаппай қолдауына ие болған шараға айналды.

Соның куәсі күні кеше ғана өткен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» Республикалық фестивалінің ІІ-туры «Ардагерлер әуені» ретроконцерті мен ұлттық қолөнер көрмесінің үлкен ұйымшылдықпен өтуі. Аталған шараның ұйымдастырылуы мен өтуіне облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен құрылған төралқа мүшелерінің еңбегі зор.

Сондай-ақ, қала, аудандармен жұмыс жасап, әрбір фестивальға қатысушыға қажет барлық жағдайларды жасаған облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы А.Нысанғалиевқа, облыстық филармония директоры Ғ.Дүйсенғалиевке, Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы басшылығына алғысымызды айта отырып, болашақ жұмыстарына табыс тілейміз!

Көптің күшімен өткен қомақты шараны дайындап, ұйымшылдықпен өткізуге қажет болған көмектерін аямаған облыс, қала, аудандар әкімдеріне көп рахмет айта отырып, Ұлы Жеңіс күніне жоспарланған алдағы шараларға да нақты қамқорлық танытады деген зор сенімдеміз.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Ризуанов.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз