
Еріктілер кеңесінің қоғамға үлесі зор
Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 31 мемлекеттік қызметшіден құралған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органымен бірқатар іс-шара өтті.
Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілер қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ерікті қызмет (қоршаған ортаны қоқыстан тазалау, су жағалауларын тазарту, ағаш отырғызу және т.б.), әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға барып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қол ұшын созу жұмыстары атқарылып жатыр.
Бұдан өзге, Атырау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері Еріктілер кеңесі аясында, қала тұрғынына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол ұшын созған болса, республика Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Мақат ауданы әкімдігі және өзге де мемлекеттік орган қызметшілерімен қайырымдылық көмектер көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: kazgazeta.kz