«Ерікті» елге танытқан…
«Атырау» газетінің алғаш бастауы «Еріктің» тарихын зерттеген бірден-бір адам – жазушы, драматург Берік ҚОРҚЫТОВ. Ол бұл туралы бір мақаласында былай деген екен: «1950 жылы желтоқсан айында диплом жұмысын жазу мақсатында, Мәскеуде В.И.Ленин атындағы кітапханада болып, қазақ баспасөзінің каталогын қарап отырғанымда «Киргизский орган Гурьевского укома РКП(б) и Гурисполкома газета «ЭРК» (Свобода) деген газет атына тап болдым. Мені алаңдатқан «Киргизский орган Гурьевского…» деген атау болды. «Не де болса көрейін» деп өз тақырыбым «Қызыл Қазақстанды» былай қойып, дереу сұраныс бердім. Бір сағаттай уақыт өткенде көлемі осы күнгі аудандық газеттермен шамалас, сартап болған екі беттік «Ерік» газетінің тігіндісі алдымда жатты. Араб әрпімен басылған, маңдайшасына «Гурьев уездік ортақшыл табы мен уисполкомның «Ерік» газетасы» деп жазылыпты. Жерден жеті қоян тапқандай қуанып, құныға оқуға кірістім. «Социалистік құрылыстан» бұрын туған топырағымызда мынадай газеттің болғанын біліп, көргеніңде, әрі өзге біреу емес, өзің тауып отырғаныңда қалай қуанбассың?!».
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).