Жарнама
Қоғам

Ең бастысы — халықтың денсаулығы

Мемлекет басшысының пəрменімен республика көлемінде карантиндік шектеу шаралары мерзімінің одан əрі ұзартылуы дұрыс шешім болды деп санаймын.

Мұнда көзделіп отырған басты мақсат — халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Сол үшін де бəріміз қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты қойылып отырған талап пен тәртіпке мойынұсынып, олардың мүлтіксіз орындалуына мүдделі болуымыз керек.
Бүкіл еліміздегідей, бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бағытында облысымызда да көптеген жұмыстар жасалып, шаралар жүзеге асырылуда. Халықты əлеуметтік қолдау мәселесіне көбірек көңіл бөлінуде. Мұның бəрі құптарлық жайт.

Ендеше біз де өз тарапымыздан түсіністік танытып, игі бастамалар мен қайырымды істерге қолдау білдіруіміз керек. Тек сонда ғана қауіпті кеселдің бетін қайтарамыз деп ойлаймын.

Қадим Оңғарсынов, Атырау қаласының Құрметті азаматы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button