Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

zejnetaqy molsheri Қоғам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 142,7 миллиард теңге бөлінген.

«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 805 теңге, базалық зейнетақы – 37 836 теңге», – делінген хабарламада.

Tengrinews.kz.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз