Жарнама
Қоғам

«ЕЛІМ МЕНІҢ ЕҢСЕЛІ»

Байқау қорытындысымен бас жүлдені Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Әли Түлеуов жеңіп алды. Ал, І орынды Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенті Нұрай Әзидолла, ІІ орынды Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің студенті Мейірім Исламғали, ІІІ орынды Атырау политехникалық колледжі студенті Асылхан Насимов иеленіп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай «Елім менің» тақырыбында фотосуреттер байқауы өткізілді. Тақырыпқа сай түскен 17 үміткердің фотосуреттерінің ішінен ең үздігі деп танылған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Нұржан Аманқұловтың туындысына І орын берілді. ІІ орынды да аталмыш университеттің студенті Әсел Шыныбекова жеңіп алса, ІІІ орын Атырау политехникалық колледжінің студенті Алмас Ермекқалиевқа бұйырды. Атырау Бизнес және құқық колледжі студенті Әдемі Есенова Алғыс хатпен марапатталды.

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button