Жарнама
Қоғам

Елдің күші — бірлікте!

Еліміз талай сынақты бастан өткеріп келеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде елдің тұтастығы, бекем бірлігі сыналады емес пе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бірлік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына төрағалық етіп, онда еліміздегі бірқатар мәселелерге тоқталып өткен болатын.

Ең бастысы, еліміздің басым бөлігіндегі су тасқынының салдарынан баспанасыз қалып, әлеуметтік тоқырауға ұшыраған халықтың шығыны есептелетіндігін айтты. Рас, бұған қарапайым ел тұрғындарының да жан ұшырып, атсалысып жатқандығын көзі қарақты жұртқа айқын көрініп тұр. Бұл жұмыстарға Ассамблея мүшелерінің де белсене қатысып жатқандығы ортақ елдігіміздің нышаны. Аймақтағы іргелі отандық және шетелдік мұнай-газ секторындағы компаниялар да белсенділік танытып, су тасқынынан жағалауды бекіту шараларына жүйелі түрде қатысып келеді.

Осы тұста айта кетейін, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ының мұнайшылары да қомақты үлес қосты, Атырау қаласының 3 учаскесінде (Атырау қаласының солтүстік-батысы, Алмалы ауылы және стратегиялық маңызы бар учаске) барлығы 9 шақырымнан аса ұзындықта бөгет тұрғызып, «Балтық биіктік жүйесімен» 21,5 метр биіктікті қамтамасыз етті.
Осы алқалы жиында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда атап айтылған қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кесел төңірегінде де айшықталды. Бұл бағытта Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарып отырғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, су шаруашылығы саласындағы жұмыстарды қайтадан қолға алу керектігі, бұған ерекше назар аударылатыны нақты айтылды. Бұдан бөлек бірнеше өзекті мәселеге тоқталған Президент еліміздің жарқын болашағын бірге жасауға шақырды.

Нұрлыбек ОЖАЕВ,
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның омбудсмені

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button