Жарнама
Қоғам

Елдің діни танымын емес, діни бірлестіктердің жұмысын реттеу керек – Тамара Дүйсенова

Вице-премьердің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі дін мәселесіне ресми түсінік береді, деп хабарлайды Kazinform

«Дін — өте нәзік мәселе. Ол — әр адамның өз таңдауы. Бұл жерде негізгі мәселе — діни бірлестіктердің жұмысын мемлекеттік тұрғыдан реттеу. Азаматтардың діни танымын емес, діни бірлестіктерді жұмысын реттеу керек», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.

Оның айтуынша, теологтар, діни бірлестік өкілдерімен кездесуде 3 мәселе көтерілген.

«Алдымен әлеуметтік желілердегі, әсіресе шетелдік контенттің алдындағы қауқарсыздығымыз. Яғни әртүрлі діндерді, бағыттарды уағыздау мәселесінде бірге жұмыс істеуіміз керек. Одан кейін қоғамда діни сауатты көтеру де өзекті. Осы мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі түсінік беретін болады», — дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Фото: primeminister.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button