Жарнама
Қоғам

Елдік мұрат жолында

Бүгінгі басқосу – еліміз үшін ерекше мәнге ие тарихи сәт. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды.

Ассамблея – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен татулықтың нышанына айналған ерекше институт. Оның негізі еліміздің егемендікке жаңа қадам басқан күрделі кезеңінде қаланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ассамблея еліміздегі этностар арасындағы татулық пен сенімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Бұл – халқымыздың парасаты мен елдік мұрат жолындағы ортақ еңбектің жемісі.

Ассамблеяның қызметі жылдан жылға жаңарып, жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Сондай-ақ «Бір ел – бір мүдде» атты депутаттар тобының құрылуы – қоғамдық келісімді тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Бұл бастамалар ел бірлігін нығайтуда.

Ассамблеяның 30 жылдығы – ортақ тарихымыздың жарқын белесі. Осы жылдар ішінде жеткен жетістіктеріміз – ел үшін еңбек еткен азаматтардың тынымсыз еңбегі мен ынтымағының нәтижесі. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болғай!

Ассамблеяның мерейтойы құтты болсын! Ел іргесі берік, жұртымыз аман болсын! Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Хаят ДЖАПАРОВ,

«Дүнген» этномәдени бірлестігі» РҚБ Атырау оьлыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button