Жарнама
Қоғам

ЕЛБАСЫ ӨМІРІ – ЕЛІМІЗДІҢ ӨМІРІ

 

Қазақ елі қилы-қилы кезеңді басынан өткерді. Тағдыры талай мәрте сын таразысына тартылды. Арғы тарихта жан-жағынан қоршаған қалың жаумен жағаласып құрбан болса, бергі жағында сталиндік зұлмат кезінде мыңдап қырылды. Аштықтан бұралып, бір үзім нанға зар болды. Туған жерімен жылай қоштасып, жат мекенді паналады. Соның бәрінде де құрымаған халық енді тәуелсіз мемлекетінің Туын желбіретті. Төрткүл дүниеге тарыдай шашыраған қазақ атамекенге оралып жатыр. Олардың басын Нұрсұлтан Әбішұлы қосты. Елі үшін туған ұл елі үшін еңбек етуде.

Фильмде Елбасының анасы Әлжанның «Сен жай туған жоқсың, сен ұлы бабаларыңның көрегендік тілеуімен туғансың, балам. Мен сенің биік шыңға шығатыныңды баяғыдан білемін» деп еміренуі – ұлына деген үлкен сенімі. Ана шіркін ұлының жолының әрі ұзақ, әрі қиын болатындығын білген. Солай деп әулие-әмбиелер аян берген. Сол айнытпай келді. Нұрсұлтан Әбішұлы  сан салалы жолдан, бұралаң белестерден өтіп, қазіргі Көшбасшылық деңгейіне көтерілді.

Қазақстанды оның Президенті сан қиындықтардан аман-есен алып шықты. Мәртебелі мемлекеттер қатарына қосты.

Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ,

ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button