ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ ҚЫРАҒЫ КҮЗЕТШІСІ

1992 жылдың 10 қаңтарынан бастап 5546 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері құрамында қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының «ҚР ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Заңымен белгіленген қызметтік-жауынгерлік тапсырманы орындайды.

Әскери бөлімге көптеген міндеттер жүктелген, оның ішіндегі ең маңыздыларының бірі – Атырау қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау. Ағымдағы жылда жеке құрам қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша 210 шара, сонымен қатар, 22 қоғамдық жаппай іс-шара орындады. Жауынгерлік қызметті атқару кезінде 735 қоғамдық тәртіпті бұзушы; 58 қылмысқа күдікті адамдар ұсталып, ішкі істер органына жеткізілді.
Жақында Атырау қаласы Водников кентінде орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінде Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков болып, әскери қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Серік Кенғанұлы әскери бөлім объектілерін, казармалық жайларын, сарбаз асханасын аралап, әскери қызметті атқару шарттарымен, әскери орта тарихымен және дәстүрімен танысты. Әскери қызметшілердің тілектерін, шешімін күткен проблемалық мәселелерді тыңдады.
Қала әкімі бөлім қолбасшылығына орналасу шарттарын жетілдіргені, жоғарғы дағдысы және әскери қызметшілердің дайындығы, түрлі жағдайлар пайда болған кезде бөлімнің жеке құрамын үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстағаны үшін алғыс білдірді.

Қ.ОРАЗ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз