Жарнама
Қоғам

Ел өз таңдауын жасады

АЭС керек пе, жоқ па? Кешегі референдумда бұқара өз пікірін білдіріп, ел мүддесу үшін, болашақ үшін даусын берді, таңдауын жасады. Референдум — халықтың мемлекеттік билікке араласуының бірден-бір көрінісі. Ал, саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасау– әр қазақстандықтың парызы. Яғни, бұл әр адамның дауыс беруден тыс қалмай, өз еркін білдіруі қажет деген сөз.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалып, үйден шықпай дауыс беруге мүмкіндік берілгені қуантты. Өйткені олардың бірінің құлағында, бірінің жанарында, енді бірінің тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінде мүкіс болғандықтан, өзге сайлаушылар секілді еркін дауыс бере алмайтыны белгілі. Осыған орай, жылжымалы жәшіктермен сайлау комиссиясының мүшелері үй-үйді аралап, заң талабы бойынша біздерге қызмет көрсетті. Қамкөңіл жандардың құқықтары қорғалып, референдумға қатысуға қолайлы жағдай жасалды. Яғни, мүгедек жандар да өздерінің азаматтық борыштарын орындады.
Кеше өз таңдауымызды жасап, кемел болашағымыз үшін тағы бір шешуші сәтті басымыздан өткізіп, еліміздегі демократияның кеңінен өрістеуіне негіз қаланғанына куә болдым. Ел үміті ақталады деп сенемін.

Наурызбек ШАКИЕВ,
І топ мүгедегі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button