
Ел дамуының жаңа кезеңі
Бүгінде еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі – Мәжілістің жалпы отырысы, онда еліміздегі түбегейлі өзгерістер мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары жан-жақты талқыланды. Бұл отырыс Мемлекет басшысының үш жыл бұрын Қазақстан халыққа жолдаған тарихи Жолдауын еске түсіреді. Сол Жолдау ел үшін жаңа даму кезеңінің бастауы болып, саяси-экономикалық және әлеуметтік реформалардың негізін қалады.
Президент бастамалары қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Экономикалық саясаттың жаңа бағыты халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды көздесе, саяси реформалар елдегі билік құрылымдарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қата, әлеуметтік саладағы өзгерістер білім беру, денсаулық сақтау және халықтың әлеуметтік қорғалуы сияқты маңызды мәселелерді қамтиды.
Бұл реформалар тек мемлекеттік басқару деңгейінде ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірінде де нақты өзгерістерге әкеледі. Сондықтан ел үшін маңызды осы кезеңде қоғамның белсенді қолдауы мен бірлігі аса қажет. Алдағы өзгерістердің табысты жүзеге асуы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Болашаққа бірге қадам басайық!
Айбол ДОЛДАШЕВ,
«AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы