Күміс алқалы ана Гүлнар БИСЕН: Қиналып жүрген жандарға үміт отын сыйлады…

71 1 Жаңалықтар

Atr.kz/26 маусым, 2019 жыл. «Atr.kz» сайтына пікір қалдырған Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнар Бисен тұрмысы төмен отбасылардың жағдайы түзелетіндігіне қуанышты.

– Өзім аз-мұз сауда-саттықпен айналысамын, – дейді ол бізбен әңгімесінде. – Жұбайым мектепте сурет пәнінен сабақ береді. Екі баламыз жоғары білім алып жатыр, қалғандары мектеп қабырғасында оқиды. Барлығының да қажеттіліктерін өтегіміз-ақ келеді. Сол үшін де несиені көп аламыз. Әйтсе де, қайтаратын уақыт келгенде, қатты қиналатынымыз да рас.

Бала санының көбеюіне байланысты жер алып, үй тұрғызуға бағытталған едік. Бірақ, бұл да қомақты қаражатты талап етеді. Ал, тағы да несиенің көмегіне жүгінуге жүрегіміз дауаламай отыр. Енді Мемлекет басшысының Жарлығы шыққанын естіп-біліп, қуанып жатырмыз.

Қарызынан құтыла алмай жүрген жандарға осындай игі бастамалардың көмегі өте көп. Алдағы уақытта да қайырымды іс жалғасын табады деп сенемін.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз