Жарнама
Қоғам

ЕЛ ДАМУЫ АУЫЛДАН БАСТАЛАДЫ

 

Елбасының аграрлық секторға шағын және орта бизнес арқылы жұмыс орындарын құру мен елдiң экспорттық әлеуетiн дамыту жөніндегі ұсыныстары бізді қанаттандырды.

Қазір елімізде ауыл шаруашылығының өсу перспективасына нақты  көңіл бөлінуде. Ауыл экономикасын көтеру үшін мемлекет көптеген қаржы  жұмсауда. Қазіргі міндет –агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80 пайыздан астамын отандық  тағам өнімдері құрауын қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті іске асыру болып отыр.

Атырау облысының экономикалық әлеуеті табиғи ресурсына сәйкес  негізінен индустриялдық бағытта өркендеуде. Облыс республикадағы инвестиция құюға тартымды аймақ болып есептеледі. Республиканың негізгі капиталына бағытталған инвестицияның 30 пайызына жуығын біздің Атырау облысы құрайды. Облыста соңғы үш-төрт жылда өнеркәсіп өндірісімен қатар, ауыл шаруашылығында да  өркендеу бар. Жылдан-жылға  ауыл  шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі тұрақты артуда. Ет, сүт өндіру көбейіп, мал басы өсуде.

Облыстық әкімдік жергілікті кәсіпкерлерді қолдаудың  барлық шарасын алуда. Әсіресе, облыс әкімдігінің мұнай-газ саласына бағытталған әр жобаның төңірегіне сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындарды шоғырландыруы да құптарлық жағдай. Себебі, аграрлық сала өнеркәсіппен байланыспаған жағдайда рентабельділік төмен болатыны  белгілі. Ал, нарық оны көтермейді. Бұл бағытта  сервистік қызметке арналған жобалар жүзеге асырылмақ.

Бүгінде облысымызда сенімді азық-түлік белдеуін жасақтау қолға алынды. Аймақ тұрғындарын көкөніспен және бау-бақша  өнімдерімен жыл бойы тұрақты қамтамасыз ету үшін жылыжайлар мен қоймалар салынуда. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығын  инвестициялауға  шетелдіктер емес, өзіміздің қаржымызды құйғанымыз оңды болуы керек. Игілікті шараға барлық мүмкіндігі бар инвесторлар қатыстырылуы қажет.

Елеусін СӘРСЕМБИЕВ,

«Ауыл» партиясының облыстық филиалы төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button