Жарнама
Қоғам

Егемендікті нығайту – азаматтық борыш

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты кең көлемде талқыланып жатыр.

Президентіміз жылма-жыл ел алдына шығып баспасөз арқылы жылды қорытындылап келеді. Биылда сол дәстүр жалғасын тауып өткен жылдың нәтижелеріне тоқталып, алдағы жылдың жоспарларымен бөлісті.

Еліміз күрделі болса да жүйелі экономикаға тоқталды. Қазақстанда әлеуметтік мемлекет ретінде былтырдан бастап, «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы ашылып төлем жасалып жатырғаны баса айтылды. Бұл біздің болашағымыз үшін, балаларымыз үшін жасалып жатқан қамқорлық екенін түсінуміз керек.

Сонымен бірге мемлекет басшысы өткен жыл оңай болмағанын, Қазақстанға сыртқы факторлардың салқыны тигенін, әрі табиғат апатының да жоспарлы экономикамызға кері әсері болғанын жасырмады. Бір ел, бір халық болып жұдырықтай жұмыла білгенде ғана табиғи апаттарды жеңе алатынымызды баса айтып өтті.

Соның ішінде волонтерлар қозғалысы туралы ризашылықпен айтты. Шын мәнінде төтенше жағдайлардың болжау және оны алдын ала жұмыстарының басталғанын, мұндағы проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарға тоқталды. Былтыр «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғанын, оған қоғамның барлық мүшелерінің атсалысқанын, әсіресе жастардың еңбегін айрықша атап өтті.

Қазақстан азаматтарының мұның науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін жақсы түсінуге тиіс екенін сезінеді деп сенетінін білдірді.

Мемлекет басшысы осы сұхбатта бірыңғай уақыт белдеуіне де тоқталып өтті. Онда барлық жағдайларды көріп біліп отырғанын, Үкімет өз шешімінің орынды екенін, Қазақстан бір уақыт белдеуінде болу қажет екенін баса айтты.

Дегенмен халық сұранысына орай әлі де бірінші наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласқанын атап өтті. Үкіметтің қәзіргі атқарып отырған жұмысына да тоқталды. Ондағы министрлер мен әкімдерге неғұрлым тиімді жұмыс жасау керектігін, шешім қабылдағанда батыл болуды, үнемі талап етіп отыратындығын, оның ішінде басты көрсеткіш – азаматтардың тұрмыс сапасы екенін, экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табу керектігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, нарықтық факторларға байланысты елімізде еркін бағам қалыптастыру жолын таңдағанымызды, теңгені күшейту үшін жұмыстар жасалып жатқанын атап өтті. Қазіргі экономист басшылардың жұмысына орташа баға беретінін айтты.

Әділетті Қазақстан құру жолындағы елдегі жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Әділетті мемлекет дегеніміз құқықты мемлекет. Заңсыз алынған қаржы, басқа да активтерді қайтаруға үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.

Қабылданған заңдардың маңызды екенін, өзінің жолдауларындағы, Ұлттық Құрылтайдағы отырыстарындағы бастамашыл етіп сол заңдардың қабылдануына түрткі болғанын атап көрсетті.
Мысалы, әйелдердің құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заңдар қабылданды. Сонымен бірге жас балаларды өлтірген немесе зорлаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Осы сұхбатты беру арқылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ана тілі» газетін алдағы мерейлі 35 жылдық мерекесімен құттықтап, еліміздегі журналистиканың тірегі саналатын қазақ тіліндегі медианы қолдайтынын жеткізді.

Ең өзекті мәселелерді талқылау арқылы елге терең ой сала отырып, биылғы жылы жұмыстарымызға тың серпін беретін сұхбат – үндеу болды деп қорытындылады. Президентіміз айтқан ортақ мақсат – экономиканы және егемендікті нығайтуға өз үлесімізді қосу азаматтық борышымыз деп білемін.

Жаннұр БӨКЕН,
“AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button