ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢ БАСТЫ МЕРЕКЕСІ 

28441c65 c29b 43b4 b054 2f9079ceda4f Қоғам

Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде егемен елдің ең басты мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

369069c2 1975 4cea 8fd6 0988c79b83f0
88528f07 8cd0 4391 9954 624deb4fe566

Салтанатты шараға қатысушыларды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов құттықтады.

ec13eefe 1483 4e2b 8fc4 eac07fb9e744

Осыдан 32 жыл бұрын, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Кең байтақ Отанымыздың азаттық алғаны туралы сүйінші хабар алты құрлыққа тарады. Бабалар аңсаған ұлы арман бүгінгі ұрпақтың тұсында ақиқатқа айналды. Республика күні – ұлт тәуелсіздігін паш еткен қастерлі мереке, қасиетті күн, еркіндікке ұмтылған, ертеңі нұрлы, келешегі кемел Қазақ елінің ең басты мерекесі. 

1ff7a012 86a3 4e00 946e 93441fcb00dc

Республика күні құтты болсын!

92385ea8 dac1 4d05 b4dd cc52a2709bcc

Салтанатты шараға қатысушылардың назарына өңіріміздің кәсіби өнер ұжымдары дайындаған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым ұсынылды.

Салтанат соңы мерекелік марапаттау шараларына жалғасты.

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз