Атыраудағы қайырымдылық аукционында қорға 35 млн теңге түсті

513513338 Жаңалықтар

Атырауда 30 сәуір күні «BikeRide Atyrau-2018» алғашқы велошеруі аясында қайырымдылық аукционы өткен болатын. Аталған аукцион барысында қорға 35 миллион теңге түсті. Бұл Атырау облысы спортты дамыту және қолдау қоғамдық қоры хабарлады.

513513338

Аукциондағы ең қымбат лот «Vino Bike» велосипеді – 10 млн 400 мың теңге. Оны Құлсары қаласынан келген отбасы сатып алды. Сондай-ақ, олар екінші коллекциялық Аргон 18 велосипедін 5 млн 400 мың теңгеге бағалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіпкердің әйелі бұл велосипедтерді кішкентай ұлдарына сыйламақ.

Сонымен қатар, аукцион барысында Майк Тайсонның өз қолтаңбасы бар қолғаптары 3 млн 200 мың теңгеге бағаланса, Рой Джонсонның қолтаңбасы бар қолғаптар 1 млн 200 мың теңге болды.

Қайырымдылық аукционында екі чемпионның қолтаңбалары бар жейделер, сирек кездесетін велосипедтер және ең ірі европалық велотур өтетін Испанияның Вуэльта қаласына 3 күндік тур ойнатылды. Александр Винокуровтың өзі Рой Джонсонның қолтаңбасы бар қолғаптардың иесі атанды.

Аукционда «Астана» велокомандасы мен Атырау облыстық спортты дамыту және қолдау қоғамдық қоры атынан барлығы 12 лот саудаланды. Қайырымдылық шарасы кезінде 34,4 миллион теңге қаржы түсті. Барлық қаржы Атырау облысындағы велоспортты дамытуға жұмсалады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз