Жарнама
Қоғам

Дінаралық келісім – Қазақстанның жаһандық жауапкершілігі

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі Қазақстанның бейбітшілік пен дінаралық келісімді нығайтудағы рөлін тағы бір мәрте айқындады. Президенттің БҰҰ басшылығына, сонымен қатар форумға қатысқан құрметті меймандарға алғысын білдіруі – елдің халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығы мен жаһандық жауапкершілігін көрсетеді.

86e3e913 84fe 4209 b6e2 563d5eb618a7

Бұл форум – рухани дипломатияның нақты көрінісі. Діни нысандарды қорғау мәселесін көтеру, жас көшбасшылардың пікірін тыңдау – болашаққа бағытталған, стратегиялық мәні зор бастамалар. Осындай алаңдар түрлі дін өкілдері арасындағы сенімді арттырып қана қоймай, халықтар арасындағы татулыққа да жол ашады.

Президент атап өткендей, Таяу Шығыстағы күрделі ахуал жағдайында ашық пікір алмасу алаңының қажеттілігі артып отыр. Мұндай кезде Қазақстан бастамашы болып отырған диалог алаңының құндылығы екі еселене түседі.

Қазақстанның осындай форумдарды жүйелі өткізіп, БҰҰ секілді ұйымдар тарапынан қолдау табуы – елдің бейбітшілік пен келісім идеясының жаһандық деңгейдегі беделін арттыра түсуде.

Съездің басты мәні – адамзаттың ортақ құндылықтарын дәріптеу, төзімділік пен өзара құрметті қалыптастыру. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан үлесінің айқын дәлелі.

Надежда ЕСОВА,

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button