Жарнама
Қоғам

Cуға кету азаймай тұр

жаңалықтарКүннің аптап ыстығында тұрғындардың дені өзен жағасынан табылады. Көбісі рұқсат етілмеген жерлерде шомылып, оқыс оқиғаларға тап болуда. Ал, мұның алдын алудың шаралары қандай? Жағажайлардың қауіпсіздігі қаншалықты сақталған?

– Біз бұл сауалдарды құзырлы орын өкілдеріне қойған едік.

Замир БЕРДАШЕВ, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Салғырттық сан соқтырады
– Жыл басынан бері суға түсу маусымы кезінде 21 қайғылы оқиға тіркеліп, 26 адам қаза тапты. Ең өкініштісі, оның сегізі – бала.
Ажал айтып келмейді. Десек те, адамдардың оқыс оқиғаға тап болуы су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтамау салдарынан орын алуда. Мәселен, бүгінге дейін тіркелген жағдайдың 13-і балық аулау кезінде болған. Оның ішінде алты адам ішімдік ішкен. Сондай-ақ, суға шомылуға тыйым салған жерлерде бес адам суға кетсе, үшеуі алкаголь өнімдерін тұтынған. Аталған оқиғалар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 36,8 пайызға артып отыр.
Қауіптің алдын алудағы жұмыстар үздіксіз жүргізілсе де, қайғылы оқиғалар әлі тіркелуде. «Алтын сазан» демалыс орнындағы жағажай жабылып, шомылуға тыйым салу белгісінің қойылғанына қарамастан, Атырау қаласының екі тұрғыны суға кетті. Ересектер өз немқұрайлығынан ажал құшса, балалар үлкендердің жауапсыздығы мен бейқамдығынан су құрбаны болуда.

Жанар НҰРБАЕВА, «Сәрсекенов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі:
Жағажайда – құтқарушылар

– «Атырау» дене шынықтыру кешені тұсындағы, Тұрғындар қалашығындағы «Малибу» жағажайлары жұмыс жасайды. 2017 жылға дейін екі жағажайды сенімді басқару – біздің құзырымызда. Үш жылдан бері суға шомылушылар мен олардың қауіпсіздігі үшін қызмет етудеміз.
Осы жылы «Атырау» дене шынықтыру кешені маңындағы жағажайға үш биотуалет, душ, қоқыс жәшіктері, күннен қорғайтын шатырлар қойылып, жеті «КамАЗ» құм төгілді. Аттракциондар жасақталды. Жағалаудағы қамыстар тазартылды. Көгалдандыру жұмыстары да назарда. Былтыр «Малибу» жағажайына 200 тал егіліп, бүгінде жайқалып өсіп тұр. Биыл талдарды күтіп, баптау жұмыстарымен қатар, қосымша көшеттер отырғызылды. Судағы қауіпсіздіктің алдын алуда ай сайын судың асты тексеріліп тұрады. Анықталған шұңқыр жерлерге тыйым салу белгілері орнатылды. Екі жағажайда барлығы алты құтқарушы үздіксіз кезекшілікпен қызмет етуде. Жағажайда бүгінге дейін суға кету деректері тіркелген жоқ.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button