Қоғам
Былтыр Атырауда 500 миллион теңгеге 45 ауыл кәсіпкерінің жобасы қаржыландырылды
Облыстық кәсіпкер және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтен білгеніміздей, өңірде қабылданған «Бизнес-өңір» бағдарламасы бүгінде өз жемісін беруде.
– Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін былтыр жергілікті қазынадан 500 млн. теңге бөлінді. Оған алыс ауылдағы 45 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Міне, осындай қаржылық мүмкіндіктер туралы ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген мыңдаған кәсіп иелеріне айтудан кенде емеспіз. Қазір мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың бизнесмендерге көмегі көп,-дейді басқарма басшысы. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының филиалы арқылы да өткен жылы мыңға жуық қызмет көрсетілген.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Суретті түсірген – автор