Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

e4b58a58 27d6 4030 8a11 f7e6e7ca4dd8 Қоғам

Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен “Интеллектуалды БАТЛ” іс-шарасы  өтті.

Атырау қаласындағы «YEMAA» орталығында өткен QUIZ форматындағы іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қатысып, барша үкіметтік емес ұйымдарды атаулы күнмен құттықтады.

dff7841d 6d33 4c44 b083 423031a28156
2955cf98 fa5f 4e19 88c7 7d432740e8ea

    – Бүгінде облыста үкіметтік емес ұйымдармен жасалып жатқан қоғамға пайдалы жұмыстар аз емес. Ал қазір ұйымдастырылып жатқан алаң жұмысы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін алға қарай арттырып, дамуына зор серпін береді. Бір-бірлеріңізге деген ыстық ықылас пен қарым-қатынастарыңыз, атқарып жатқан жұмыстарыңыз нәтижелі бола берсін, – деді Гүлнұр Жалғасқызы.

c47f2a06 1b58 4ddb 8592 a1c6729b3ae7

БАТЛ бағытындағы ойынға қатысуға барлығы 40 үкіметтік емес ұйым өкілі тіркелген. Олар әрқайсысында 5 адамнан құралған 8 топқа бөлініп, белгіленген тапсырмалар бойынша бақ сынады.

efd409de 387a 468b b4cf f6817ee5913d

Екі кезеңнен құралған мерекелік жиынның алғашқы бөлігінде тренер Асқар Секербаев үкіметтік емес ұйым өкілдеріне «Қар ұшқыны» тақырыбында ойын ұйымдастырды. Бизнес ойынның негізгі мақсаты –  қаржы жинау. Ойын барысында  қатысушылар мекеме және кәсіпкерлерден қаржы тарту мақсатында өз озық идеяларын ұсынды. Екі тарапқа да тиімді ұсыныстар туралы айтылды.

 Сондай-ақ «Үнемді өзгеріс» тақырыбында ойын қолға алынды. Бұл кезеңде үкіметтік емес ұйымдар жобаның ішкі процесін қаржы беретін демеуші-инвесторларға сәйкес жүзеге асыру және дамыту барысын үйренді. Шара соңында  жеңімпаз топтар қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Айта кету керек, бүгінде облыста 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде экология, инклюзия, қолөнер, білім, волонтерлік, қайырымдылық секілді бағыттар бойынша 190-ға жуық ұйым белсенді қызмет атқарады. Соңғы уақытта инклюзия бағытында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерді қоғамға бейімдеу жұмыстарына баса ден қойылып  жатыр. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА, 

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз