Қоғам
БРЕНДКЕ ТОПТАСҚАН ТАҢДАУЛЫ ТАУАРЛАР
Оның айтуынша, бұл белгілі тауар таза қазақстандық өнім екенін, халық арасында өте танымал және өте сапалы екенін білдіретін болады.
«Осы брендке қосатын тауарлар тізімін белгілемес бұрын, кәсіпорындар арасында аудит жүргіземіз. Себебі, тауарды кәсіпорын шетелден әкеліп, «Қазақстанда жасалған» деген белгіні жапсыра салмағанына көз жеткізуіміз керек. Екіншіден, тауардың сапалы екенін дәлелдеуі керек. Үшіншіден, ол тауарды халық қолдауы керек»,-деген ол «Рахат» кәмпиттерін, «Эйр Астана» компаниясын, Алматының апортын «Ұлы Дала елінің» тауарлары брендіне қосуға әбден болатынын атап өтті.