Атыраулық спортшылар халықаралық жарыстан жеңіспен оралды

Atyiraulyi tar zhe isi1 Қоғам

Грузия елінің Тбилиси қаласында кикбоксингтен халықаралық жарыс өтті. Түркия, Грузия, Иран, Әзербайжан және Қазақстан елдерінің тепсе темір үзетін жігіттері қатысқан жекпе-жек додасында атыраулық үш спортшы жеңіс тұғырынан көрінді.

Атыраулықтар жеңісі1

Мәселен, 54 келі салмақта өнер көрсеткен  Сәлімгерей Жанали ақтық сында түркиялық Мехмед Ялшинді тізе бүктірсе, 60 келі салмақта Жандос Назарбеков грузиялық Вако Папаскириден айласын асыра алды. Ал, 67 келіде жасындай жарқыраған Азамат Өтемісов тағы бір грузиялық спортшы Котт Джангавадзені ұтты.

Мұратбек Жаңабай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз