Қоғам
Биыл Жеңіс күніне әскеру шеру өте ме?
Елімізде Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз» дейді Қорғаныс министрлігінен.
Дегенмен, Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар мен мерекелік концерттер ұйымдастырылатын болады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жоспарланған. Министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізбекші.
Фото: azh.kz