Жарнама
Қоғам

Бірлік – басты мұрат, ортақ мүдде

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына «Алтын Шаңырақ» аналар кеңесінің төрайымы ретінде алғаш рет қатыстым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар зор жауапкершілік болды.

Сессия жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әрбір сөз, әрбір баяндамадан еліміздегі бірлік пен келісімге деген шынайы қамқорлықты сезіндім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстамды әрі салмақты Жолдауы маған ерекше сенімділік сыйлады. Президентіміздің ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау жолындағы бастамалары – ел болашағына деген берік сенімнің айғағы.
Ассамблея – сан түрлі этносты ортақ мүддеге біріктіретін, татулық пен тұрақтылықты нығайтатын бірегей алаң. Осы сессия барысында әр өңірден келген өкілдердің пікірлерін тыңдап, аналар кеңесінің рөлінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте ұғындым. Біз, аналар, болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен бірлікке негізделген қоғам және адал азаматты тәрбиелеп қалдыруымыз керек.

Мұндай маңызды жиындарға қатысу – мен үшін үлкен тәжірибе әрі алдағы жұмысымызға тың серпін беретіні сөзсіз.

Жанар ӘБІШ,

Қазақстан Халқы Ассамблеясы “Алтын шаңырақ” аналар кеңесінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button