БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСЫП…

Бүгінгі күні кең-байтақ қазақ жерінде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тең жағдайда бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде мұндай татулық жоқ. Бір-бірімен ортақ тіл таппай,  араздасып, дауласып жатқандар қаншама? Тіпті, тілі ортақ, діні ортақ, ділі ортақ славян халықтарының арасында да ішінара ортақ тіл табыса алмай, қырқысып жатқандары бар екенін көріп отырмыз.

 

Ал, біздің байтақ еліміздегі барлық ұлыстар өкілдері бір анадан туғандай болып, бір кісінің баласындай болып, бір мақсатқа, бір мүддеге жұмылып, тілектерін бір арнаға тоғыстырып келеді. Бұл, әрине –еліміздегі сарабдал саясаттың жемісі. Алғашқы құрылған күнінен бастап Ассамблея өзінің өміршеңдігін көрсетті.

 

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,

Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз