БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК!
Осылайша, Атырау қаласына қарасты Жұмыскер елді мекенінде орналасқан «Бәйтерек» және «Көкарна» елді мекеніндегі «Ақсұңқар» балабақшаларына жүзден астам тал көшеттері діни қызметкерлер мен мешіт жамағаттарының қолымен егілді.
Өңірдің өкіл имамы Батыржан Мансұров қоршаған ортаны қорғаудың ислам дінінде құпталған іс екендігін айтады. Ағаш отырғызу, құдық қазу дiнімізде қуатталған, тіпті мұсылмандар осы iстерге әрқашан жұмылдырылып отырған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, қиямет-қайым басталып кеткенше қолындағы көшеттi егуге үлгеретiн шама болса, соны дереу отырғызып үлгерсiн» деп тегін айтпаған. Ата-бабаларымыз да «бір тал кессең, он тал ек!» деп, баршамызды игі іске үндейді» деген облыстың бас имамы осылайша шараның маңыздылығын атап өтті.
Акция соңында жиылған қауым қазақы дәстүрмен ақ дастархан басына жиналып, діни тақырыпта пікір алмасты. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасын осылайша орталық «Иманғали» мешіті жарасымды жалғастырды.
Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.