Атыраулық спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

WhatsApp Image 2018 11 06 at 10.33.25 Қоғам

1-2 қараша күндері Беларусь астанасы Минск қаласында панкратионнан әлем чемпионаты өтті.

WhatsApp Image 2018-11-06 at 10.33.25

2001-2002 жылғы жастар арасындағы сайыста атыраулық спортшы Ернат Нұрлыбекұлы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Минсктегі әлем чемпионатына жаһанның 30-дан астам елінен спортшылар қатысқан. Ал, жерлесіміз Ернат 55 келі салмақта бағын сынады. Ол үш кездесу өткізіп, тек жартылай финалда украиналық спортшыға есе жіберіп алған.

«Панкратионнан әлемдік додалар жылдан-жылға дамып, ондағы бәсекелестік арту үстінде. Былтырғы чемпионатта 22 ел қатысса, биыл 8 ел қосылып отыр. Жалпы чемпионатқа 300-ден астам спортшы қатысты», – дейді бапкер Нұртілек Қонашев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз