Жарнама
Қоғам

Бибігүл Жексенбай Ақпарат министрлігіне бірнеше ұсыныс жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай БАҚ-қа қатысты бірқатар ұсыныс жасады, — деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор атап өткендей, жергілікті БАҚ-та туындайтын негізгі мәселелері: контенттің біржақтылығы, әлеуметтік желілермен бәсекеге түсе алмау, сондай-ақ жергілікті газеттер онлайн форматқа бейімделмеген немесе аудиториямен байланысын әлсіз жүргізеді.
Нәтижесінде өзін «белсенді» санайтын азаматтар мен блогерлер дәлел-дәйексіз ақпарат таратуды қолға алады. Бұл қоғамның билік органдарына, Президентке деген сенімсіздігін күшейте түсуде. Редакторлар әкімдікке тәуелді болғандықтан, сыни мақалалар жариялаудан қорқады. Осы себепті БАҚ халықтың мәселесін көтерудің орнына әкімдерді мақтауға мәжбүр, — деді Б. Жексенбай.
Аталған мәселелерге байланысты Сенат депутаты министрлікке бірнеше ұсыныс жасады:

  • Жергілікті БАҚ-тың тәуелсіздігін арттыру;
  • Облыстық және аудандық газеттерді толық мемлекеттік бақылаудан шығарып, жарнама, жазылым және демеушілер есебінен қаржыландыру үлесін көбейту;
  • Мемлекеттік тапсырыс алған БАҚ-тарға да нақты әлеуметтік мәселелерді жариялау міндетін жүктеу;
  • Қоғаммен тікелей диалог орнату;
  • Газеттерге халықпен интерактивті байланыс орнататын айдарлар қосу (мысалы, «Халықтың үні» беті);
  • Әлеуметтік желілерде ресми парақшалар ашып, тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап беру. WhatsApp, Telegram чаттарын құрып, жергілікті тұрғындардың мәселелерін жедел көтеру;
  • Контент саясатын жаңарту;
  • Тек ресми жаңалықтар емес, қарапайым азаматтардың өмірін көрсететін, олардың мәселесін көтеретін материалдар жариялау;
  • Журналистік зерттеулер, проблемалық мақалалар, сараптамалық материалдар көбейту;
  • Жергілікті атқаур органдарына сұрақ қойып, олардың шешімдерін халық алдында жария түрде талқылау;
  • Әр аудан әкімдігі қаражат бөліп, жергілікті дарынды жастарды отандық университеттерден «журналистика» мамандығын оқуына жағдай жасау. Оқуын тәмамдаған журналистің өз туған елді-мекенінде БАҚ саласында жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
  • Ең бастысы жергілікті мемлекеттік тапсырысты ұтып алған компанияларға журналистердің жалақсысын жоғарлатуды талап ету;
  • Әлеуметтік желілермен интеграция;
  • Газеттердің тек қағаз нұсқада емес, Instagram, Facebook, Telegram сияқты платформаларда белсенді жұмыс істеуі;
  • Оқырманды қызықтыру үшін қысқа видеолар, инфографикалар, репортаждар жасау;
  • Медиа саласындағы мамандарды дайындау және ынталандыру;
  • Жергілікті журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін арнайы тренингтер ұйымдастыру;
  • Сапалы әрі батыл журналистиканы қолдайтын арнайы гранттар бөлу.
    Бұған дейін Алқа отырысында Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай отандық медианың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы да айтты.
    Сондай-ақ ол еліміздің медиа саласы бірқатар жүйелі мәселелерге тап болып отырғанын айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button