Бәсекеге қабілеттілікті арттырады
Президенттің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында білім беру саласына ерекше көңіл бөлінгенін байқадым. Бұл өте маңызды, өйткені еліміздің болашағы – білімді, білікті ұрпақтың қолында. Президенттің білім саласына қатысты айтқан реформалары қоғам үшін өте өзекті және уақытылы қабылданған шешімдер деп есептеймін. Оның ішінде мектептердің инфрақұрылымын жақсарту, мұғалімдердің жалақысын арттыру және заманауи білім беру технологияларын енгізу туралы бастамалар ерекше назар аударады.
Мен өзім де жеке білім беру саласында жұмыс істей отырып, бұл бағыттың маңыздылығын жақсы түсінемін. Әсіресе, жеке мектептердің дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетуі – білім сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға үлкен серпін береді.
Сонымен қатар, Президенттің ағылшын тілін үйрету, ІТ технологияларды меңгеру және кәсіптік білімді күшейту бойынша бастамалары қазіргі заманның талабына толықтай сәйкес келеді. Жеке сектор мен мемлекеттің серіктестігі арқылы мектептердің деңгейін көтеріп, оқушыларға заманауи білім беретін жүйе құру – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сенемін. Бұл реформалар жастарға болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Ақылбек ҚҰЛБАРАҚОВ,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты