Жылыойлық кәсіпкер Қайыржан Балжігітов мұқтаждарды демеусіз қалдырмайтынын айтты

5579 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. «Толғауы тоқсан тарихымызды таразылап көрсек, халқымыздың басынан талай нәубет өткен екен. Соның бәріне «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» дегендей, күш біріктіріп қарсы тұрыппыз. Жеңіліп емес, жеңіп шығыппыз» дейді жылыойлық кәсіпкер Қайыржан БАЛЖІГІТОВ.


Дүние жүзін дүр сілкіндірген мына зұлмат та халықты жұдырықтай жұмылуға шақырып отыр. Аға ұрпақ ел тәуелсіздігінің бастапқы кезеңін жақсы біледі.

Бүгінде сол шақтағыдай қауқарсыз емеспіз. Қаржылық жағдайымыз жетерлік. Ендеше, ел басына күн туғанда қолымыздағы қаражатымызды қажетінше жұмсай аламыз.


Мемлекет басшысы айтқанындай, қазір әлеуметтік әлсіз топқа бұрынғыдан да көбірек көмек көрсетілуде. Зейнетақы өскелі отыр. Бұл егде жандарға едәуір қамқорлық емес пе? Мүгедек жандар мен көпбалалы аналар көзден таса қалмайды. Қызметінен уақытша қысқарғандар қолдауға ие болады. Айта берсе, сын шақта қолға алынған шаралар жетерлік.


Әйтсе де, ең қажеті – бірлік. Тірлігіміздің тұтқасы осы. Өзара жәрдемдесіп, ауқаттылар әлсізін демеп жіберсе, азаматтық сол болады. Бизнес иесі ретінде оны өзім де оң түсінемін. Қолымыздан келгенінше ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» дейді кәсіпкер.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз