Жарнама
Қоғам

БАҚ пен баспасөз хатшысы олардың байланысы қалай болуы керек?

 Қалың жұртшылыққа қандай ма бір жаңалықты толық, әрі ұғынықты етіп жеткізу – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басты міндеті. Бұл ретте кез келген мекеменің БАҚ-пен байланысының мығым болуы маңызды. Ендеше, баспасөз хатшысы қандай қасиеттерімен ерекшеленуі тиіс?

 Бұл ретте «ашықтық пен жеделділік – олардың ең үлкен олжасы» дейді біздің әріптестеріміз. «Ең алдымен, өз қызметінде БАҚ-пен байланысты берік орнатуы керек. Ол үшін әр басылымның, әрбір телеарнаның ұстанған бағытын, әрбір журналистің қай тақырыпқа маманданғанын жетік білгені жөн. Республикалық басылымдардың меншікті тілшілері әр саланы жазуға бейім келеді. Сондықтан, баспасөз хатшыларына мұны да ескеру маңызды. Сала мамандары өз мекемесінің жұмысын көрсету үшін баспасөз турын, баспасөз конференциясын өткізген уақытта оған тиянақты дайындалуы керек. Конференцияда сөйлейтін мекеме өкілі ақпаратты тек сандық көрсеткіштермен ғана беруі мүмкін. Ал, бұл журналистке сапалы материал жазуға жеткіліксіз. Сондықтан, баспасөз хатшысында белгіленген тақырып аясында толық ақпарат болуы тиіс. Журналист сұраған мәліметтерді беруге мекеме тарапынан баспасөз хатшысы мүдделі» дейді біз тілдескен «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Жолдасбек Шөпеғұл. Оның айтуынша, сала қызметкері қарым-қабілеті жоғары, өз ісінің білгірі, ұстамды, ізетті маман болғаны жөн.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button