Жарнама
Қоғам

БҰЛ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Әлеуметтік орындар халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Ана мен бала,  соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедек жандар мемлекеттің ерекше қамқорлығына алынып отыр. Жастарға білім алуға да, еңбек етуге де, өз кәсібін ашуға да бар жағдай жасалуда. Отандық экономикаға салынған инвестиция көлемі жыл санап артуда. Мұның артында үлкен технология, жаңалықтар, әлеумет әлеуетінің артуы, жаңа жұмыс орындары, еңбек өнімділігі тұр деген сөз.

Дәл қазіргі кезде әлем экономикалық, саяси, әлеуметтік дағдарыстарды бастан өткеріп жатыр. Осыны пайдаланған кей мүдделі топтар көптеген елдердің ішіне сына қағып, қолдан қақтығыстар ұйымдастыруда. Мұның соңы кей елдердің даму позициясын бірнеше жылдарға кейінге бұрып әкетіп жатыр. Сондықтан, осындай сын сағатта мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу – уақыт талабынан туған қажеттілік деп есептейміз. Біз Қазақстан Коммунистік халық партиясы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты уақыттан туған талап ретінде қабылдаймыз. 

Қазақстан  күні бүгінге дейін әлемдік оқиғалар ықпалынан болған түрлі қиындықтарды еңсере білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарысты, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы мен 2008 жылғы дүниежүзілік дағдарыстар Қазақ елінің негізгі экономикалық саясатын құлдырата алмады. Ал, мерзімінен бұрын сайлау өткізу, біздіңше, Қазақстан қоғамындағы  саяси  тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайта түсуге мүмкіндік береді. Сондықтан, атыраулық азаматтарды сайлауды мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қолдауға шақырамын.

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button