Атырауда ләңгі тебу әлі де «модада» (ФОТО)

8502 Жаңалықтар

Мақат ауданында «Денсаулық фестивалі-2017» акциясы жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өтті. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудандағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары, мектеп оқушылары белсене қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталы екендіктерін танытты.

IMG-20170909-WA0008

Фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ғұмаров пен аудандық аурухананың бас дәрігері Батырбек Оңдасынов құттықтау-лебіздерін білдіріп, әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершіліктерін көтеруде спортпен шұғылданудың маңызы зор екенін ұғынған қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20170909-WA0009

Спорттық шараның жүргізілу тәртібін түсіндірген балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы Әділбек Ерғожиев жүгіруден әйелдер 1000 метр, ерлер 1500 метр қашықтықты бағындыру, кір тасын көтеру, білек күшін сынасу секілді спорттық ойындардың талабы мен ережелерін түсіндіріп өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған шараға 120-ға жуық адам қатысты.

IMG-20170909-WA0010

Аудандық аурухана ұжымы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы денсаулық тақырыбындағы жадынамалар таратып, шараға қатысушылардың қан қысымын өлшеу, қан тобын анықтау құралдарымен арнайы автокөлікте медициналық қызмет көрсетті. Денаулық сақтау саласының жастары мен мектеп оқушылары флешмоб билесе, аудан мектептерінде де мұндай шара ұйымшылдықпен өтті.

IMG-20170909-WA0012

Атап айтсақ, аудан орталығындағы Х.Санбаев атындағы орта мектепте оқушылармен қатар, мұғалімдер де спорттық ойындардың бел ортасынан табылды. Мектеп ұжымы, әсіресе, ұлттық ойындарға ерекше ден қойған. Оқушылар асық атудан мергендіктерін шыңдаса, тоғызқұмалақ, шашка ойынында ойлау қабілеттері мен ептіліктерін танытты.

IMG-20170909-WA0013

Сондай-ақ арқан тарту, ләңгі тебу де балалардың қызығушылығын арттырып, топтық ойында ұйымшылыдық танытты.

IMG-20170909-WA0014

Лена НҰРБАЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз