Жарнама
Қоғам

Ажырасқысы келген жұптар қайта татуласты

Атырау қаласындағы Ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығының жылдық жұмысы қорытындыланды. «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан жоба аясында 2000-ға жуық адам көмек алған. Оның ішінде психологтар отбасылық мәселе бойынша 510 адамға кеңес беріп, 62 жұпты татуластырды.

Қорытынды жиынға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қатысып, орталықтың жұмысына оң баға берді.

img 4506

«Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Ілиясова аталған орталықтың биылғы мамыр айынан бері жұмыс істейтінін айтты.

– Орталықта 2 заңгер, 2 психолог пен медиатор бар. Олар биыл жеті ауданға екі күн қатарынан «ашық есік» күнін өткізді. Сонымен қатар «Заң және тәртіп» тақырыбында облыс бойынша 11 жоғары оқу орны мен колледж студенттерімен кездесті. Ірі сауда орталықтарына «ашық есік» күнін ұйымдастырып, 68 адамға тегін кеңес берді. Аталған жобаның мерзімі – үш жыл. Биыл ашылса да орталығымыздың қоғамға тигізген пайдасы зор, — деді қоғамдық бірлестік жетекшісі.

Сондай-ақ арнайы мамандардың көмегімен заңға қайшы әрекеттерді жасаудың алдын алу, мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу бағытындағы қабылдаулар өтіп, тұрғындарға тегін заңгерлік кеңестер мен сотқа құжаттарды рәсімдеу үшін әдістемелік көмектер көрсетілді.

img 4505



Басқосуда орталықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын серіктестер де жұмыстарын сараптады. Атап айтқанда, заңгер-кеңесші Бауыржан Балмағамбетов, кәсіби медиатор, саясаттану магистрі Жаннат Асабаева, облыстық кәмелетке толмағандар  жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотындағы психолог кабинетінің маманы Марта Саудабаева, «Медициналық психология және әлеуметтік қорғау» республикалық ҚБ филиалының директоры Ақмарал Шарипова, облыстық кәмелетке толмағандар істері  жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының әкімшісі Сания Айдарбаева орталықтағы бірлескен қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button