
Азаматтық сектордың цифрлық болашағы талқылануда
Атырауда облыстық ХІІ Азаматтық форумы басталды. Биылғы форумның басты тақырыбы – «Азаматтық сектордыцифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер».

Шараны ашқан ішкі саясат басқармасы басшысы Гүлнұр Сүйеуова айтып өткеніндей, екі күн бойы өтетін шара – азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік мекемеқызметкерлері, ҮЕҰ көшбасшылары мен бизнес сектор арасындағы серіктестікті нығайтуды, тәжірибеалмасуды және жаңа идеялармен бөлісуді мақсатеткен алаң.
Цифрландыру – жаңа мүмкіндіктер көзі.Форумныңалғашқы күні семинар-тренингтерге арналды. Қатысушылар заманауи цифрлық технологиялардыңҮЕҰ жұмысын қалай жеңілдетіп, тиімді ететінінталқылап, тәжірибе жинақтады. Тренингтер төрт негізгібағытты қамтыды. Яғни, «Digital-State: азаматтық қоғам үшін қолжетімді құралдар» бағытында мемлекеттік цифрлық сервистерді тиімді пайдаланудың жолдары айтылды. Ал, «Онлайн донорлықтан смарт-фандрайзингке» – қаржы тартудың жаңа тәсілдері мен онлайн платформалар мүмкіндігі туралы кеңінен сөз болды. «AI дәуіріндегі азаматтық қоғам» жасанды интеллекттің артықшылықтары мен қауіптері жайында ақпарат берсе, «Цифрлық қалқан» бағытында киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар төрт түрлі әлеуметтік бағытта жобаларын әзірлеп, ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Ең үздік деп танылған жобалардың авторлары250 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болады.
Екінші күн тәжірибе мен идеялар көрмесіне арналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ертең өтетінфорум аясында ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, қоғамдық маңызы бар бастамалар жұрт назарына ұсынылады. Бұған қоса, «Азаматтық қоғамды қолдау: мемлекеттік саясат пен жаңа мүмкіндіктер» және «Азаматтық сектор тәжірибесі: ҮЕҰ жұмысының жаңа бағыттары»тақырыбын арқау ететін екі маңызды пленарлық отырыс өтеді.

Жалпы, бұл отырыстарда мемлекеттік саясаттағы өзгерістер, ҮЕҰ дамуына әсер ететін трендтер мен қоғамдағы белсенділікті арттыру тетіктеріне басымдық берілмек.
Форумның соңында белсенді қоғамдық ұйымдарға ҚР Азаматтық Альянсының Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған «DEMEÝ» байқауы мен ҮЕҰ жобаларына арналған «QOLDAY» конкурсының жеңімпаздары марапатталады.
Азаматтық форум – қоғам мен мемлекетті жақындастыратын көпір
Екі жылда бір өтетін бұл форум – азаматтық қоғамныңдамуына серпін беретін маңызды бастама. Ол – идеялармен бөлісетін, жаңа серіктестікке жол ашатынжәне еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге үлес қосатыналаң. Өңірде өтіп жатқан бұл форум да сол мақсатқақызмет етіп отыр деуге әбден болады.
Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ