Мектепке ер мінез жетіспейді…

fb img 1645280750106 Жаңалықтар

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кіші залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев оқытушылармен және студенттермен кездесті.

Кездесу барысын университет  ректоры Саламат  Ідірісов жүргізді. Жиынға «Ақ жол» демократиялық  партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермекқали Юсупов және қалалық мәслихат депутаты В.Кулмагамбетов, партия белсенділері Ә.Төлеуішов, А.Қондыбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен Серік Сәрсенұлы іссапар мақсаты мен «Ақ жол» ҚДП фракциясы атқарған жұмыстарға тоқталып, сауалдарға жауап берді. Жиналғандар өздерін толғандырған көптеген мәселелерді көтерді. Әсіресе, Жайық өзенінің жағдайы, әскери-патриоттық тәрбиені күшейту жөнінде арнайы заң қабылдау, Атырау қаласында бәсекеге қабілетті жоғарғы оқу орындарын ашу, сондай-ақ, ер мұғалімдер қатарын көбейту мен 80 жылдық тарихы бар білім ордасына жаңа ғимарат салу қажеттігі айтылды.

Соңында Батыс Алашорда тарихын зерттеп, жас буынды ғылымға баулығаны үшін аталған университет оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Бердіғожинге «Ақ жол» партиясының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап дайындаған «Еңбегім – еліме» медалі табысталды.

Осыдан кейін Серік Сәрсенұлы Кеңөзек селолық округінде болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесуді селолық округ әкімі Е.Өтешқалиев ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде ауыл тұрғындары Б.Юсупова, А.Болатова, Қ.Таласов, Т.Жортабай, М.Ешимов сөз алып, қымбатшылық, субсидия, мектеп пен балабақша салу мәселесі, экологиялық ахуал, балаларға берілетін жәрдемақыны көбейту және басқа да маңызды мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, сайлаушылар «қаңтар қасіреті» жайлы, Мемлекет басшысының халыққа Үндеуі, «Жаңа Қазақстан» идеясы жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз