АУЫЗ СУҒА – АЙРЫҚША БАҚЫЛАУ
Сала қызметкерлерін «дөңгелек үстел» басына жиюдағы мақсат – Еуразиялық экономикалық одақтың «Табиғи минералды сумен бірге, ыдыстағы ауыз суының қауіпсіздігі туралы»техникалық регламент жобасын талқылау және түсіндіру, сондай-ақ Техникалық реттеу және метрология комитетінің www.memst.kz сайтына шолу жасау, ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңының 25 -1 бабының, соның ішінде елімізде каталогтандыру жүйесін құру (негізгі ережесі, каталогтандыру жүйесінің құрылымдары) және бұл жүйеге енгізілетін өнімдерді тіркеу жөнінде түсінік беру болатын.
Отырыста техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібеков Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарыда аталған техникалық регламент жобасын жүзеге асыру жөнінде қысқаша мағлұмат берді.
«ҰлтССО» АҚ Атырау филиалының сарапшысы Гүлмира Болатова өз баяндамасында техникалық регламенттің негізгі аспектісі – ыдыстағы ауыз суының қауіпсіздігін анықтау және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау формасы мен кестелерінің түрлерін атап өтті. Бұдан соң «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалының директоры Надежда Дю Техникалық реттеу және метрология комитетінің www.memst.kz және Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорының www.egfntd.kz сайттарына шолу жасады. «Интернет-магазин» ақпараттық жүйесінің абоненттік қызмет көрсетуі, қолданыстағы нормативтік құжаттарды өзектілендіру және ғаламтор желісіндегі «Онлайн-доступ» жаңа қызметі жөнінде түсінік берді.
Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.