Жарнама
ҚоғамБЕЙНЕЖАЗБА

Атыраулық жастар нашақорлыққа қарсы! (+ВИДЕО)

“Жастар нашақорлыққа қарсы”. Осындай атаумен Жастар саябағында арнайы шара өтті.

ВИДЕО:

https://www.facebook.com/atyrauakimat/videos/560454158811344

Мақсат — балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шараны қалалық ішкі саясат бөлімі және Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қолдауымен “Довира” бірлестігі ұйымдастырды.

Аталған шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алишер Жанғалиев қатысып, нашақорлық дерті ел болашағы үшін, жастардың келешегі үшін үлкен қауіп төндіріп отырғанын айтып, есірткіге бірге қарсы болуға шақырды.

Өз кезегінде талантты жастар қала тұрғындары үшін өнерлерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Айта кетейік, 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі бизнесіне күрес күні. Осыған орай өңірде 1 айлық акция жарияланды.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button