Жарнама
Қоғам

Атыраулық балалар Ресейге аттанды

Бұл туралы облыстық Білім беру басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірдегі көп балалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 79 бала «Қазақстан геологы» пансионатына аттанды. Аталған пансионат Железноводск пен Пятигорск арасындағы Иноземцево кентіндегі Бештау баурайында орналасқан.

  • — Лагерьде жайлы және қызықты уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс кезінде балаларға мәдени, спорттық бағдарламалар, конкурстар ұйымдастырылып, түрлі фильмдер көрсетіледі. Қызықты іс-шаралардан басқа, демалушы балалар Кавказ қалаларына саяхаттап, олардың тарихымен танысады. Пансионат аумағында волейбол, баскетбол, шағын футбол алаңдары және бадминтон мен үлкен тенниске арналған алаңдар бар. Табиғаттың таңғажайып сұлулығы, таза ауа және емдік минералды су балаларға қуат беріп қана қоймай, демалысты тиімді өткізуге, емдік процедураларды алып, денсаулықты нығайтуға көмектеседі, деді «Қазақстан геологы» медициналық пансионаты директорының міндетін атқарушы Шолпан Есқалиева.

Сондай-ақ, Ш.Есқалиева пансионат балаларды тек жазда ғана емес, жыл бойы қабылдауға, олардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button