neke2

«Инстаграммен» танысып, онлайн түрде неке куәлігіне тапсырыс берді» (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Цифрлық жүйенің жемісін атыраулық жас отбасылар да көре бастады. Жуырда ҚР электронды үкімет порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен «онлайн некеге» тапсырыс берген жас отбасы қажетті құжаттарына қол жеткізді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы хабарлады.

            Саламат Алтынбеков пен Айнұр Сәбитова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының Мақат аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, АХАТ мамандарынан неке куәлігін алды. Бұдан бұрын да электронды үкімет порталымен тығыз жұмыс жасайтын Саламат жеке кәсіпкер болса, Айнұр – медицина колледжінің студенті. Қызығы сол, өмірлері онлай қызметпен басталған екі жастың таныстықтары да инстаграм әлеуметтік желісінен бастау алған екен.

Орталық мамандары жас отбасыға ақ тілектерін білдіріп, неке куәлігмен қатар «құттықтау хатын» да табыс етті.

Айбөпе САБЫРОВА

neke1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған