Жарнама
Қоғам

Атыраулық балалар каникулды қайда өткізеді?

Атырауда жаз мезгілінде демалдыру және сауықтыру шаралары аясында 130 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған.

Бұл туралы Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен жарияланған «Балалар жылы» аясында Атырау облысында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.- Білім және ғылым министірлігі мен Атырау облысы әкімдігі 70-ке жуық іс шараны қамтитын жоспар жасақталды. Жоспар аясында жыл басынан бүгінге дейін облыстық маңыздағы 40 іс-шара өтіп, нәтижесінде 55 мыңнан астам бала қамтылды, деді С.Шәпкенов. Сонымен қатар, облыс әкімі балалар мен жасөспірімдердің спорттық секцияларға, шығармашылық үйірмелерге тегін баруы үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге қаражат бөлініп, нәтижесінде 3 жарым мың бала қамтылғанын жеткізді. Қосымша 2000 жасөспірімді қамту жоспарлануда. Сондай-ақ, жаз мезгілінде демалдыру және сауықтыру шаралары аясында 130 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған. Айта кету қажет, облыс бойынша 1-10 сынып оқушылар саны 134 500 болса, бұл оқушылардың 97% құрап отыр.- Аз қамтылған отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 3 лагерь жасақталды. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аймағында орналасқан 1 лагерьге мың жарым баланы жіберу жоспарланып отыр. Аталған лагерьлер 10 маусымнан бастап келушілердің алғашқы легін қабылдайды. Ескере кететін жайт, аз қамтылған отбасылардағы балалар үшін жазғы демалысқа қосымша демеушілік көрсетіледі, деді өңір басшысы.Аймақ басшысы ерекше балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балалар, ауылдық жерлердегі оқушылардың олимпиадалық резерв мектептерінде, лицейлер мен гимназияларда білім алуы үшін қолдау көрсету мақсатында аймақта «Бір пән – бір оқушы – бір нәтиже» жобаcы сәтті жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Жоба нәтижесінде биыл 46 оқушыға жолдама берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button